Наурыз8
Осында өткен жылдың қыркүйегінен бастаған екі сынып бар. Біреуі - ақылы бөлімде оқитындар, ендігісі - әртүрлі гранттармен келгендер. Тегін оқу бөлімінде арабтар көп. Оларға қытай тілін оқу басқаларымен салыстырғанда қиындаума деймін. Ал көбінесе осы қалада әртүрлі салада қызмет ететін шетелдік азаматтар топтасқан ендігі сыныпта кәрістер баршылық. Олардың Толығырақ »
Наурыз8
“Біреу тойға айланғанда, біреу қойға айланыпты” дегендей, ел шоқ гүлдерін құшақтап мерекелетіп жатқанда, дәл осы күні біздің алғашқы сабақтар басталды. Қытай бұл мерекені білмейді емес, күнтізбелеріне де “әйелдер мерекесі” деп жазып қойған. Жаңалықтарында да айтып қалып жатты, бірсыдырғы. Алайда, демалалыс жоқ. Бүгін гүл ұстап жүрген жанды көрмедім… Толығырақ »
Наурыз7
Қытайдың жоғарғы органдарының жыл сайынғы жиыны биыл да қызу басталды. Билік басындағылар бұл жолы он екі айда бір-ақ рет көрісетін заңды органдардан құралған үш мың делегаттың басын қосты. Оған қоса, жылдағадай емес, биыл үлкен отырысқа әлемнің әр түкпірінен 800 ден астам шетелдік журналистер қызығушылықпен келіпті. Ел қауіпсіздігіне қатты Қытай, жиынға келгендердің қауіпсіздігін сақтау үшін тіпті миллион полиция қызметкерлерін жұмылдырған көрінеді. Өткен жылды өкшелей отырып, осы жылдың әртараптық жоспарлары талқыланатын мемлекеттік маңызы жоғары жиынға қазір Құдайдан бұрын социалистік мемлекеттен көбірек үмітті қарақұрым қытай халқының да құлағы түрік жүр.
Толығырақ »
Наурыз6
Көктем келіп көк қылтияр шақта Қытай қоршаған орта тазалығын ғана емес, «құлақ тазалығын» да қолға алды. Наурыздың үшін «құлақ ауруларына профилактика жүргізу» күні етіп жариялап, «есту аппараттары – болашаққа деген үміт» деген ұранмен бұл күні ел үкіметі құлағы естімейтін балаларға тегін электронды есту аппараттарын сый етіп үлестірді. Ол үшін арнайы бағдарламамен мемлекет қаражатынан 400 миллион юань ақша бөлінді. Аспан асты елінде бүгінгі таңда 28 миллион адам есту қабілетінен айрылғандар болып саналады. Толығырақ »
Наурыз3
Иә, алғашқы айтыстар 2006 жылдың күзінде осылай басталған еді. Ол кездегі атауы - “Айтыс - Қазақстан чемпионаты” болатын. Сол уақыттағы ТВ директоры Болат Еркінбекұлы, продюсер Айгүл Асандардың (соңғы суретте сол жақта) ойластырылып қойылған еді. Ол уақытта менің Қазақ радиосынан келіп осы және “Сырға” дейтін хабарлардың шеф-редакторы және айтыстың комментаторы болдым. Толығырақ »
Наурыз3
Сіздерді білмеймін, өз әкем туралы аз біліппін…
Осы бірінші сөйлемді жазу біраз қиын болды… Себебі, «аз біліппін» дегеннің басқалай дәл мағынасын ашып беретін сөз таппадым… Яғни, айтқым келгені әкеме тек «ол менің әкем» деген таяз түсінікпен қарап жүріппін. «Әкем демегенде, шешем деймісің?!» дерсіз… Жоқ, олай емес!..
Негізінде, айналамдағы өзім жақсы танитын егде жастағы адамдарға, олар дәп сол егделік жаспен аспаннан салбырап түсе салғандай қараппын. Олардың да кезінде біздер сияқты жас болғанын, олардың да махаббатпен басы аурып, балтыры сыздағанын, жастық арман, қиялмен өткен күндер мен ұйқысыз түнмен талай таңдарды атырғаны туралы үстіртін білгеніммен, терең ойламаппын. Себеп? Толығырақ »
Наурыз2
Рас, бұл атауды бәлкім алғаш естіп те отырған боларсыз. Google-дан да сұрап едім, білмейтін болып шықты.
Мынау осыдан бес жылдай уақыт бұрынғы сурет. Альбом ақтарып отырып көріп қалдым. Ауылымның іргесіндегі дегереске достарыммен саяхаттап шыққан болатынбыз. “Сиыр сілекейді” Ергеннің аузының суы құрып жегені көзіме елестейді. Бірақ бұл жерде көп өспейді екен. Бала күнімде “Үшінші” деп аталатын тоғайлы жерге отын даярлауға барғанбыз. Толығырақ »
Наурыз2
Асхат бауырымыздың мына бір жазбасында радио жайында сөз қозғалған екен. Белгілі журналист Жұлдыз Әбділда әпкеміз жақында осы тақырыпта мәселе көтеріп мақала дайындап жүрген болатын. (Алла жазса жуырда шығып қалар). Ертеректегі сонда қызмет істегендіктен менен ондағы кемшіліктер жайында сұраған еді. Бұл пікірдің Асхатқа да бәлкім пайдасы болып қалар деп және ескере жүрер деген оймен осында да қалдырып отырмын: Толығырақ »
Наурыз2
Қазіргі уақытта біреу «мерекеңмен» деп қалса, ойланып қалатын болдық. Өз басым сондықтан ба екен мереке келгенде әлгі бітпейтін талас-тартыс тағы да етектен алатындай жайсыз боламын. Ақпандағы кеңес одағы әскерлерінің күнін қазір арнайы сөз еткенде немесе тыныштықта еске алмасақ мына қарбалас тірлікте ол күнді ойлаудың өзі мүмкін болмай барады. Әрине, бұл, кеңес одағына кеңірдек созғандық емес, десек те темірдей тәртібімен талайға басқан таңбасы тәуелсіз ұрпақтың да санасынан әлі де болса өше қоймағаны шындық… Толығырақ »
Наурыз1
Биылғы қыстың қалай өткені сезілмей қалды. Бұл он жылдан кейін ауылда ұзақ жүруім екен. Бірақ уақыт бәрібір дегеніне жетті… Бұл күндер де зулап өтіп кетті. Қолыма күрек алмай өткен күндердің есесін қайтара алмасам да айналаны қардан тазарту, малға қарау, олардың астын тазалау… сияқты көп адамға бұйыра бермейтін мәртебелі істің басы-қасында болдым. Дегенмен, ауылдағы шаруа менен қалған деп қойсам да болатын сияқты:)… “Уақыт кемесін” кері бұрып, сол балалық бал дәурен шағымның алтын дәуіріне сапар шекендей әсер алдым.
Толығырақ »